Categories: Қоғам

Қара сөмкемен есірткі тарату әсіресе жастар арасында тиімді бизнеске айналды – Ерболат Досаев

Алматыда есірткінің таралуына қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысындаТүрксіб ауданының тұрғыны есірткі жарнамасына қатысты мәселе көтерді.

Біздің ауданда есірткі жарнамасына сілтеме қойылатын көптеген орын бар. Шара қолдануды сұраймын, мүмкін осы жарнамамен және есірткі сатумен айналысатындарды бақылау және жазалау үшін видеобақылау орнату керек шығар,

деді аудан тұрғыны.

Алматы әкімі Ерболат Досаев есірткі мен нашақорлықтың әсіресе жастар арасында кең тарағанын, бұл — күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.

Бүгінде, өкінішке қарай, бұл жастар үшін тиімді бизнеске айналды. Жарнама арқылы қара сөмкелерді жеткізумен айналысады. Біз оларды ұстаймыз, әкімшілік айыппұл саламыз. Бұл Түрксіб ауданының ғана емес, қала бойынша өзекті мәселе болып тұр. Аудан әкімдерімен және қалалық полиция департаментімен бірлесіп қазір үлкен жұмыс атқардық. Сонымен қатар бізге көмектесетін түрлі ұйымдарды тарта отырып, «Наркостоп» бағдарламасы көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдар осы жарнамаларды жоюға көмектеседі,

деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол есірткі тасымалдаушылар орындарын үнемі өзгертіп отыратынын тілге тиек етті.

«Сондықтан аудан әкіміне тапсырма беремін. Қосымша 585 камера орнатылады», – деді қала әкімі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

5 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago