Арал теңізінің кеуіп қалған түбін көгалдандыру үшін Азия орман ынтымақтастығы ұйымының донорлары тартылып жатыр.
Арал теңізінің проблемасы Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Жел теңізден жыл сайын 75 миллион тоннаға дейінгі шаң мен улы тұзды көтереді. Оның шаңы Еуропа мен Антарктидадан табылды.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны ұшпа тұзды және құмды көшкіндерден қорғау тәсілдерінің бірі фитоорманмелиорациялық жұмыс жүргізу екенін тәжірибелер дәлелдеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы президентінің Арал теңізінің түбіндегі 1,1 миллион гектар жерге фитоорманмелиорация шаруашылығын жүргізу туралы тапсырмасы өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған түбіндегі ағаш кесу жұмыстарына басқа елдерден донорларды тарту бағытында да шаралар жүріп жатыр.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен AfoCO делегациясы (Азия орман ынтымақтастығы ұйымы) директорының орынбасары Джин Сунпиль және AFoCO ғылыми қызметкері Тхан Конг осы өңірге барды. Олар Аралды құтқару бағытында атқарылған жұмыстармен және Арал, Қазалы, Қармақшы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Ұйым өкілдері атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта жаңа жобамен жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…