Арбада отырып билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті

Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Малика Мұхтарова 23 жасында дүние салды.

Малика туралы қаралы хабарды Астана әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров жеткізді.

Малика туралы өткен шақта сөйлеу өте қиын. Кішкентайынан өмірі қиындыққа толы болып, арбаға таңылды. Бірақ ешқашан мойымады. Табиғаты ерекше, таланты бөлек, адами қасиеттері ерек Малика — нағыз күрескерге айналды.

Мәлика Мұхтарова 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында дүниеге келді. Қостанай қаласындағы Гафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектепті тәмәмдады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін аяқтады.

Пара спорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Арбаға отырып спорттық би билеуден Республикалық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың жеңімпазы.

Маликаны Қазақстанның ерекше жандар театр әлемінде актриса ретінде танытқан бейнесі Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (Қызжылаған) драмасындағы Ләйла ролі.

«Мәңгілік бала бейне» драмасы — тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясындағы шоқтығы биік туынды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago