Categories: Қоғам

«Армян мен қырғыз» көлік қашықтан тіркеуден шығарылмайды

Ал «конструкторды» билік заңдастыратын болды, деп жазады kolesa.kz.

«Басқа елдердің құзыретті органдарына біздің азаматтардың баруын және көлік құралын ұсынуын қажет етпестен Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша автомобильдерді есептен шығару мүмкіндігін қарастыру туралы тиісті хат жолдадық. Алайда Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөлікті қашықтан есептен шығару мүмкін емес деп жауап берді. Біз бұл талапты бұза алмаймыз», — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Бірақ полиция «конструктор-машиналарды» заңдастыру туралы шешім қабылдапты.

«Заңдастыру процесінде елге қосалқы бөлшек ретінде келген автомобильдер анықталды. Бұл көліктер кедендік тазартудан және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы тексеруден өтпеген. Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеуде. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды», — деді шенді.

Қ. Сұлтанбаев «сақтандыру полисі арқылы» алған машинаны есепке қою мүмкін емес екенін атап өтті, өйткені Азаматтық кодекстің 235-бабына сәйкес иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттар негізінде ғана ие бола алады.

Сонымен қатар комитет басшысы 23 қаңтар мен 22 ақпан аралығында билік 40 мың автокөлік заңдастырғанын айтты. 85 мыңнан аса көлік алдын ала тексерістен өтіп, тіркелуге дайындалып жатыр. Кейбір машина иелері Қазақстанға 1 қыркүйектен кейін кірген техниканы да заңдастыруды сұраған. ІІМ мерзімді өзгертуге ниетті емес, себебі бұл тұрғындардың тағы шетелден жаппай көлік тасуына әкеп соғуы мүмкін. Сұлтанбаев полиция халыққа заңдастыру бір реттік шара екенін ескерткенін айтты. Кейін елде тіркелмеген көлік мінгендер жазаға тартылады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago