Categories: Қоғам

«Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан жылаймын»: Алматыдағы кафеде қазақша мәзір сұраған феминистерді қуып шықты

Алматыдағы кафенің бірі қазақша мәзір сұраған феминистерді қуып шықты. Бұл туралы заңгер әрі белсенді Әйгерім Құсайынқызы инстаграм парақшасында хабарлады.

5 ақпанда Алматыдағы Махатма Ганди саябағында «Митиң үшін митиң» атты феминистердің шеруі өтті. Белсенділер онда әкімдіктен 8 наурызда митиң өткізуге рұқсат беруді талап етті. Дегенмен жиынның соңы даулы мәселеге айналған.

Заңгер әрі белсенді Әйгерім Құсайынқызының айтуынша, кей белсенді саябақ маңындағы «Динара» атты мейрамханадан тамақтанбақ болған. Дегенмен, мейрамхана әкімшілігі оларға митиңгіге қатысқаны үшін әрі қазақша мәзір сұрағаны үшін қызмет көрсетпейтінін мәлімдеген. Оған қоса әкімшілік оларды қазақ тілінді қызмет көрсетуін талап еткені үшін «фашист», «нацист» деп балағаттаған.

Сағат 12-де басталуы тиіс митиңгіге сәл ертерек келген сегізінші және тоғызыншы сынып оқушылары маған келіп, М.Ганди паркі жанындағы “Динара” атты гүржі мейрамханасы оларға митиңгіге келгендері үшін қызмет көрсетпей, қуып жібергендерін айтып, шағымданған еді. Бізден бұрын мейрамханаға кеткен екі белсендіге мәзірді қазақ тілінде талап еткендері үшін “фашист әрі нацист” деп тіл тигізіп, қуып шыққан екен. Жағдайды анықтамақ болып біз барып едік, бірден: “Біз сіздерге қызмет көрсете алмаймыз, ғимаратты босатыңыздар” деп қабағын шытқан әкімші күзет қызметіне қоңырау шалып жатты. Біз ешқайда кетпейтінімізді айтып, қазақ тіліндегі мәзірлерін беруді талап еттік. Біз өз құқықтарымыздың бұзылғандығын ескертіп, олардан жауап талап етіп отыр едік, автомат ұсынған екі еңгезердей ер адам тыныштық бұзып жатқанымызды айтып, бізден бейбіт түрде мейрамхананы шұғыл босатуды өтінді,

деді заңгер.

Кейін белсенділер полиция шақырып, мейрамхана әкімшісіне қарсы азаматтық және қылмыстық іс қозғауға арыз жазған.

Атамекенімізде жүріп, ана тілімізде сөйлеп, қазақ тілінде мәзір талап еткендіктен “фашист әрі нацист” атануымыз намысымызға тиіп, митиңгіден кейінгі эйфория сезімі бірден бүгінгі таңғы тұмандай сейіліп кетті. Ата-анам Кеңес дәуірінде орысша білмегені үшін талай мәрте қорлық көріп, кемсітушілікке ұшырағандығын айтқанда, маған сол заман келмеске кеткендей көрінетін. Бірақ, бүгінгі жағдай ана тілін ардақтағандарды әлі де қорлайтын қоғамнан арылмағанымыздың көрінісі. Сіздерден e-otinish арқылы осындай мекемелерге шағым жазып, кәнсіл мәдениетін қолдауды сұраймыз. Өз құқықтарыңызды қорғай, ар-ождан мен абыройыңызды қалпына келтіре біліңіз. Өз тілінің ертеңі үшін кеше репрессияланған ұрпақтың үрейі бүгін тоқтасын. Ана тіліңде сөйлеуге арланба!

деді Әйгерім Құсайынқызы.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago