«АрселорМиттал» қазақстандық жұмысшыларды аяусыз қанап келеді — Депутат

Мәжіліс отырысында депутат Юрий Жулин «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнындағы апаттар қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын айтты. Оған қоса ол шахтада болған кейінгі қайғылы оқиға мәселесін көтерді.

Депуттаттың айтуынша, тергеу кезінде жүздеген құқықбұзушылықтар тіркелген, тек шахтаның өзінде 100 шахтер қаза тапқан.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын елемеу салдарынан қайғылы оқиғалар жиі болады. Мәселен, биылғы жазда металлургиялық комбинаттың цехтарының бірінде пеш опырылып, төрт жұмысшының қазасына осындай жауапсыздық себеп болды. Бұл жағдай қашанға дейін жалғасады? Қайтыс болған кеншілер мен металлургтердің жақындарына ел қашанғы қайғырып, көңіл айтады? Депутаттар Миттал кәсіпорындарындағы мәселелерге қатысты қашанғы сауал алады? Мемлекет пен біздің азаматтар бұл инвесторға ештеңе міндетті емес,

деді Юрий Жулин.

Сонымен қатар ол елде өлім-жітім азайып жатқанда «АрселорМиттал Теміртауда» керісінше, өсіп жатқанын баса айтты.

Металлург немесе кенші 50 жасқа дейін лайық зейнетақы жинай алмаса, бұл қандай жалақы? Жабдықтардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, апаттар мен жарақаттар туралы айтудың қажеті жоқ. Елімізде өлім-жітім төмендеп жатса, «АрселорМиттал Теміртауда» өсіп жатыр. Салық жеңілдіктері мен басқа да преференциялар түріндегі тұрақты мемлекеттік қолдаудың арқасында супер пайдалар мүмкін болды. Тек 14-15 жылдардың өзінде мемлекеттік қолдаудың көлемі шамамен 50 миллион долларды құрады. Осы жылдар бойы Миттал тек отандық кәсіпорындардан түскен пайданы алып, қазақстандық жұмысшыларды аяусыз қанап, инвестициялық міндеттемелерді бұзып, мемлекет мүддесін елемей келеді,

деді мәжіліс депутаты.

Депутаттың пікірінше, «осындай аяусыз отаршылдық, ұлттық ресурстарды, ең бастысы азаматтарымызды пайдалану мемлекет басшысы айтып отырған әділетті экономика қағидасымен мүлдем үйлеспейді».

«Кез келген басқа елде инвестордың мұндай мінез-құлқы баяғыда келісім-шартты бұзуға дейін шешуші әрекетке құқықтық негіз болатын еді. Сондықтан үкімет ұлттық және халықаралық заңнамаға сүйене отырып, бұл инвестордан Өндірісті терең жаңғырту, қуаттарды кеңейту, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек пен лайық еңбекақы алу құқықтарын, сондай-ақ экология стандарттарын сақтау сияқты түбегейлі және қатаң талап қоюы керек. Бұл үшін қажет заңнама базасы бар,

деді депутат.

Сөз соңында депутат Юрий Жигулин апатты тергеп-тексеру аяқталғанша компанияның жоғарғы басшылығы елден шығарылмай, толық жауапкершілікке тартылуы керек екенін айтты.

Жауапкершілікті қарапайым менеджерлер мен жұмысшыларға аударуды доғарыңыз. «АрселорМиттал» біздің заңдарымызды құрметтеуге және өз міндеттемелерін орындауға бұдан әрі демонстративті түрде дайын болмаған жағдайда, үкіметтің меншік иесінің ауысуы мәселесімен байыпты айналысатын кез келді,

деді Юрий Жулин.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago