«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысында бірнеше шахта мен комбинатқа ие «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 6 қарашада шахталардың бірінің аумағында бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады.

Компания жексенбі күні бұл жөнінде қысқа хабарлама таратты.

2022 жылдың 6-қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған,

делінген компанияның ресми хабарламасында.

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Бірнеше күн бұрын компанияның Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтасында метан газы тарап, жарылған еді. Апаттан бес адам қаза тауып, төрт кісі ауруханаға түскен. АМТ шахталары бір тәулікке жұмысы тоқтатылған. Оқиғаға байланысты үкімет комиссиясы құрылғаны хабарланған. Полиция қылмыстық іс қозғаған.

Ақпаратқа қарағанда, жазда шахта тексерілген, бірақ метан шығаруға байланысты ешқандай ескерту болмаған. Апат болған орыннан алыс орналасқан учаскедегі лавада метан мөлшерінің көбейгені осыдан бір апта бұрын тіркелген.

Шахтинск қаласында 36 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көбі Қарағанды көмір бассейнінің ең ірі шахтасы саналатын Ленин атындағы шахтада жұмыс істейді. 1970 жылдардың аяғынан бері осы шахтада кемінде жеті рет адам өліміне әкелген апат болған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago