Артур Ерке мен Райымның қарым-қатынасын ұзақ уақыт жасырғанын айтты

Артур Дәулетияров “Taboo” бағдарламасында Райым мен Еркенің махаббат хикаясы қай уақыттан бері жалғасып келе жатқанын жасырмай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Райым мен Еркенің қарым-қатынасы қашан басталды?” деген сауалына әнші: “2018 жылдың соңында танысты. Біз Павлодар  қаласында өткен концертке бірге бардық, бір автобуста отырдық. Ерке желіге жариялаған сурет сол автобуста түсірілген. Олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады деп күтпедім. Өмір ғой бұл. Өзінің өмірі, таңдауы. Мен оны сөге алмаймын”, – деп жауап берді Артур.

Өнер иесі жұлдызды жұпты қызының тұсау кесер тойына да шақырған. Алайда, Райым мен Ерке әріптесінің қуанышында төбе көрсетпеді. 

“Екеуін де бір ай бұрын шақырдым. Олар сырға салудың шаруасымен жүргенін айтты. Сол себепті келе алмаған болар”, – деді әнші.

Артур “Дуэт тарамай тұрып Райымның Еркемен қарым-қатынасын жасыру Райымбекке қаншалықты қиын болды?” деген сұрақты да жауапсыз қалдырмады.

“Оған ғана емес, бізге қиын болды. Өсек бекерден-бекер шықпайды ғой. Сұхбат барсында менен сұрайды. Бірақ барынша айтпай, жасыруға тырысатынмын. Райымға қиын болды деп ойламаймын. Себебі ол өз өмірін жария қылатын адам емес”, – дейді өнер иесі.

Сұхбат барысында Артур Райымның бұрынғы қызы Наргизбен достық қарым-қатынаста екенін айтып қалды.

“Наргизбен жақсы араласамыз. Бір кездері Райымның қызы, команданың мүшесі болды. Қазір жұбайымның құрбысы. Ол да бір күнде жұлдыз болып кетті, тіпті бұлай танымал болып кететінін өзі де білген жоқ. Наргизді қолдайтындар көп. Райым бір жағынан бауырымдай адам, ал Наргиз жақын досым. Наргизбен достығымызға Райым себеп болды. Сол себепті Райым мен Еркенің қарым-қатынасын Наргизден жасыруға тура келді және қиын болды. Бар шындықты айтқанымда екі жақпен де қарым-қатынасым бұзылатын еді”, – деді Артур ағынан жарылып.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago