Categories: Қоғам

Арық адамның самокат тебуіне тыйым салынады

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға электр самокаттарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл жайлы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалары жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.

Сонымен бірге самокат пайдаланушылардың жарықтанбаған аумақтар мен қала сыртындағы трассалармен жүруіне тыйым салынбақ, деп жазады kursiv.

«Жарық берілмеген жерлерде, қала сыртындағы жолдарда және кәмелетке толмағандардың электр скутерлерін пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылды», деді Боранова дүйсенбі күні өткен брифингте.

Сонымен бірге, инспектор электр самокаттарды балалардың пайдалануын болдырмау мақсатында салмақ санаттарына тыйым салуды енгізу мәселесі көтерілгенін айтты. Мысалы,

30 келіден асатындар мен одан жоғары салмақтағы адамдарға рұқсат беру сынды ережелер енуі мүмкін.

Инспектор қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, жаяу жүргіншілер жолында, жолдарда және велосипед жолдарында жылдамдықты бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесін қарстырып жатқанын айтты.

«Сондай-ақ тәртіп бұзушыларды анықтау және самокаттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстарды ашу үшін самокатты кім, қашан және қандай бағытта басқарғанын анықтау үшін есеп жүргізіледі. Біз қалаларды самокат айдауға тыйым салынған немесе самокат тебуге рұқсат етілген аймақтарға бөлеміз. Сонымен бірге самокаттардың тұрағы үшін арнайы орындарды белгілейміз», деді инспектор.

Осы жылдың 30 тамызынан бастап электр самокаттардың қозғалысын реттейтін заң күшіне енеді. Заңға сәйкес, электр самокаттары 25 км/сағ жылдамдықпен жүретін көлік ретінде танылады және велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз қозғала алады.

Еске сала кетсек, 30 маусым күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заңды 22 маусым күні сенат мақұлдаған болатын.

Үкіметтің бұл заңды енгізуіне елдегі самокаттарға қатысты оқыс оқиғалар себеп болды. Айта кететін болсақ, жыл басынан бері самокатқа қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago