Categories: Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болған

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны расталды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы былтыр үйін тінту кезінде антикор өкілдерінің көзінше өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Мұхамедиұлының жұбайы сол кезде ауруханаға жедел жеткізілгенімен, толық емделіп шығуына мүмкіндік берілмеді деп шағым айтты. Қазір денсаулығын алға тартып, кезекті рет соттан үйқамаққа ауыстыруды сұрап отыр.

Мен күйеуімнің денсаулығына алаңдаймын. Қазір бұлшық еттері құрысып, өздігімен кейде жүріп, тұра алмай қалады. Дәрігерге көрсетейік деп, үйқамаққа жіберуді бірнеше мәрте сұрадық. Біздің талабымыз қанағаттандырылмай жатыр,

дейді Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова.

Мұхамедиұлы бүгінгі сот отырысында біраз мәлімдеме жасады. Айтуынша, оның ұрланған ақшаға еш қатысы жоқ. «Құжаттарда қойылған барлық қол да менікі емес» деп отыр. Сондықтан арнайы сараптамадан тағы бір рет өткізуді сұрайды.

Жалпы сот процесі басталғалы үйқамаққа қайта-қайта сұранған Арыстанбек Мұхамедиұлы ұры-қары, нашақор, педофилдермен бірге темір торда отыруды өнер адамы ретінде өзіне ар санап жүр екен.

Әр жылдары мәдениет министрі, Ұлттық музей директоры болып қызмет істеген оның қолына антикор былтыр мамырда кісен салған. Мұхамедиұлы «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген қазынаның миллиондарын қалтаға басты деп айыпталғанымен, тек оны мойындамай отыр.

Мына құжаттың бәрін көргенде таң қалдым. «Мынау менің қолым емес қой» деумен болдым. Мойныма ілінген 221 миллион теңгені жымқырды деген айыппен келіспеймін. Соңына дейін күресемін. Маған қазір жанжақты қысым жасалып жатыр. Камераның өзінде аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен отырамын. Оның арасында қылмыс әлемінде аты шыққаны, түрмеге қайта оралғаны да да бар,

дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салсақ, Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago