Categories: Қоғам

«Арзан бағаға Қытайдан тауар алып беремін»: қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түріне тап болды

Маңғыстау облысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы арзан бағада аламыз деп, алданып қалған тұрғындар шу шығарды. Олар миллиондаған ақшаларын Нұргүл есімді әйелге санап берген, алайда тапсырыстарын 1,5 жылдан бері ала алмағандарын айтады. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Маңғыстаулық келіншек Қытай зауыттарынан тауарды арзанға алып беремін деп халықтан тапсырыс алған. Алайда тауар да келмепті, ақшаларын да қайтармаған. Тұрғындар күнде күдікке ілінген келіншектің үйінің алдын торуылдауға мәжбүр. Олар берген ақшаларын қайтаруды талап етеді.

Нұргүл есімді әйел Whatsapp желісі арқылы арнайы топ ашып, сол жерге тауардың суреттерін жіберіп, тапсырыс жинаған. Алғашында тапсырыстар уақытылы жетіп тұрған соң, халық сеніп, басқа да адамдарға арзан тауарды ұсына бастапты. Осылайша олар халықтың ақшасын жинап, Нұргүлге берген. Бірақ бір жарым жылдан бері не тауар келмей, не ақша қайтарылмай, көптің берекесі кетті.

Тауар жоқ, тіпті тапсырыс бермеген. Сол ақшаға зат алған шығар, үй немесе көлік алған болар. Енді үйді сатып, бізге қаржыны қайтарсын. Себебі бізден де бұл ақшаны сұрап жатыр. Ал біз мұны тапсырыс беруге жібердік. Ақшаларды жинап алып, көлік мініп, қыдырып, Америкаға саяхаттап жүрген жоқпыз. Нұргүл мен Гүлнұрға сеніп, тапсырыс бердік,

дейді жәбірленуші Анар Закибай.

Астымда көтерме саудамен сататындар көп. 70 шақты көтерме саудаға шығын келді. Солардың бәріне есептесем, 60-70 миллион қарызбын. Оның бәрін қайтара алмаймын. Сонда ол біздің ақшамызды жейді екен, біз қалай тауып береміз?,

деді жәбірленушілердің бірі Айдана Мәлікбаева.

Жұрт  бұл әйел халықтың ақшасына өзіне дүние-мүлік сатып алған деп топшылайды. Полицияға арыз жазғандардың саны шамамен мыңнан асқан. Іс «алаяқтық бабы» бойынша қозғалды.

Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізуде,

деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бөлім бастығының міндетін атқарушы Айгерім Ибатуллаева.

Ал халықтың ақшасын иеленген Нұргүлдің өзі ешқандай жауап бермеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago