Маңызды

Қыздардың ар-намысын қорлайтын фильмге барып қарқ-қарқ күлеміз

Біздің халық неге арзан күлкі мен көше қалжыңдарына сонша үйір? Мүмкін мәселе шығып жатқан мағынасыз фильмдерде емес, қазақтың сана-сезімінің, ойының таяздығында шығар? Ақшасын төлеп өз еркімен барып жатқан халықтың өзі емес пе?

Кино түсіру — бизнес. Өз қалтасынан шығарып жатқан соң, ертең екі есе, он есе қайтаруды мақсат көреді. Түбінде халыққа пайдалы дүние ұсынуды емес, өз қара басын ойлайтындар. Халықтың осындай арзан, пайдасыз контентке құмар екенін әлеуметтік желідегі парақшалардан көріп жүрміз. Салихалы ұрпаққа жол көрсетер әжелеріміз Тик-Ток желісінде бірімен бірі жарысып, тілкелей эфирде отырғандары тіпті жарасымыз.

Ұлттық киномызды жаңғыртуға бөлінген ақша болса талан-таражға түсіп, таусылды. Яғни, біреулердің қалталарына кетті. 400 миллион теңге жымқырылған.

Ал енді жақында шыққан отандық «арзан комедияның» мағынасына тоқталайық.

Әйелдердің ар-намысы, отбасылық зорлық-зомбылық туралы шырылдап айтып жүріп, сексуалды басқыншылықты насихаттайтын, қыздарды мал сияқты көретін, көрсететін фильмге барып қарқ-қарқ күлеміз. Түсініксіз қоғамбыз ғой.

Қыздарды еркінен тыс тұрмыс құруға мәжбүрлеу, оларға физикалық қысым жасау сияқты озбырлық әрекеттерді көрсету арқылы экран алдындағы жеткіншектің түпкі санасында жатқан айуандықты жаңғырту деп есептеймін,

деп жазды журналист.

Осындай айуандықты жаңғыртуға бағытталған Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмі қалайша касса жағынан рекорд орнатып отыр?

Журналист Ертай Нүсіпжанов қатаң сыңға алып, Instagram желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Үлкен экранға шығып жатқан Отандық фильмдердің дені арзан күлкі, көше қалжыңдарынан тұратын комедиялық жанрда түсірілген. Экшнді қойғанда, драмалық фильмдерді түсіруге біздің қалта көтерер еді деп ойлаймын. Киногерлермен сөйлесіп, осы жайында сұрасаң, көрермен сұранысына қарай жұмыс істеп жатқандарын алға тартып, біздің көрерменнің драманы көрмейтінін айтады. Қалтаның қамын ойлай бермей, бір сәт ұлттың жайын да ойлап қойған абзал еді.

Өз қаражатына түсіріп жатқан соң оларға қандай да бір арыз-талап айтуға моральдық құқық жоқ бізде. Алайда, “Қазақфильм”, мемлекет қолдауын пайдаланып көрерменге ой салатын, тәрбиелік мәні бар фильмдер түсіруге, комедия мен биография шеңберінен шығып, мен сияқты көрерменнің сұранысын қанағаттандыруға болмас па еді дейсің. Әзірге бұл бізге арман.

Жуырда ғана прокатка шыққан “Таптым-ау сені” фильмінің бір оқырман экраннан түсіріп алып таратқан эпизодын көрдім. Фильмді толық көрмесем де, осыдан-ақ оның деңгейі туралы түйін жасауға болады.

Шетел тәжірибесіне сүйенсек, ар-намысқа тиетін, адамды кемсітіп, қорлайтын, намысы мен құқын аяққа таптайтын бір ғана диалогы үшін кейбір киноны үлкен экранға жібермейді. Шектейді. Мына бір үзіндіде осы айтылғанның бәрі бар.

Иә, ойсыз көзге мұның бәрі күлкілі. Мен де болсам көргенде езу тарар едім. Бірақ терең ойласаң бұл түк те күлетін дүние емес.

Сондай-ақ журналист көрермендердің мәз болғандарына да жаны бататынын жазды.

Анайы сөздер, белден төмен дүниені айтып күлдірген өте әдепсіз мазмұнды айтпағанда, орысша араластырып тілді ластағаны тағы бар. Әйелдің ер азаматқа аяқ көтергені де қызық, күлкілі бұл халыққа.

Осыны да керемет кино деп бағалап, арзан қалжыңдарына қарқ-қарқ күліп, көріп отырған көрермендердің мән бермей мәз болғаны жанға батады екен. Жетіскен екенбіз,

деп пікір білдірді журналист.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

20 минут ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

28 минут ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

37 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

1 день ago