Экономика

Қаржы министрі қандай мобильді аударымдарға салық салынатынын айтты

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қандай жағдайда салық салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев қазір банктерде пилоттық жоба сынақтан өтіп жатқанын мәлімдеді.

Үш айдың ішінде бір картаға 100 аударым критерийін белгіледік. Қадағалаймыз. Бұл шартты критерий. Мұны да реттеуге болады.

Заң былтыр қабылданған болатын. Заң кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдарға салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған,

деді ол.

Оның айтуынша, тұрғындарға алаңдаудың қажеті жоқ.

Егер бұл туыстар мен әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, онда олардың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екені, салық салынбайтыны анық. Басты мақсат – жиі жасалатын аударымдарды фискализациялау.

Кәсіпкерлер аударым үшін арнайы карта ашып, қалағанынша аударым қабылдаса болады. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеуі керек. «Көлеңкелі бизнеспен» айналысатындарды анықтап жатырмыз,

деді қаржы министрі.

Сондай-ақ министр қазақстандықтардың картасына сыйлық ретінде жіберілетін төлемдер туралы да айтты.

Мұндай жағдайда салық салынбайды, өйткені бұл бірреттік төлемдер екенін білеміз. Бұл — кәсібі немесе дүкені бар адамдардарға тексеру. Мысалы, егер адам таксист болып жұмыс істесе немесе базарда көкөністер мен жемістерді сататын болса… Бұлар бизнеспен тікелей айналысатын адамдар болып саналады,

деді Жамаубаев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago