Categories: Экономика

Қаржы министрі бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылғы қаңтардағы мемлекет қаржысының атқарылуы туралы есеп берді.

Қаңтарда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 94,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға атқарылған.

Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмағаны – 84 млрд теңге, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу, игерілмегені – 71 млрд теңге. Қаржыны ең көп игермеген ведомстволар – Денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет және спорт министрігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,

деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу.

Қаржы министрінің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 423 млрд теңге болған.

Атқарылмағаны – 16 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,2 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. 1 ақпанға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес 10,2 млрд теңге сомасына нысаналы трансферттер бөлінді, оның 98,5%-і игерілді. 150 млн теңге игерілмеген,

деді вице-премьер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago