Экономика

Қаржы министрі жемқорлардан бюджетке қанша ақша қайтарылғанын айтты

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев арнайы шотқа жемқорлардан қанша қаржы түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден жемқорлар жымқырған қаржынының қаншасы қайтарылғанын және  сол ақшаға қанша мектеп салынғаны туралы сұрады.

 Жамубаевтың айтуынша арнайы шотқа 150 миллиард теңгеден астам ақша түскен.

Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ қаражаттың барлығы бөлінбеді. Жалпы 90 миллиардқа жуық теңге бөлінді. 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бар. Қалған ақшаны апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, соған бөлеміз,

деп жауап берді Жамаубаев.

Министр  айтуынша,  арнайы шоттағы қаржы республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бөлінетін болады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago