Categories: Галерея

«Асқан қарапайымдылық»: Жанар Айжанова Оңтүстік Кореяда оны не таңғалдырғанын айтты

Әнші, актриса Жанар Айжанова «Түнгі студия» бағдарламасына қонақ болып, Оңтүстік Кореяға XXVII Пусан халықаралық кинофестиваліне қалай барып келгенін әңгімеледі. Ол аталмыш фестивалінде «Үздік әйел рөлі» аталымындағы үміткерлердің бестігіне енген болатын.

Актриса бірнеше жыл бойы киноға түсіп жүргенімен өзін толыққанды актрисамын деп айта алмайтынын айтты. Халықаралық кинофестивальде үміткер боламын деу үш ұйықтаса түсіне кірмегенін жеткізді. Өйткені актерліктің соңына түскен, мүйізі қарағайдай замандастары тұрғанда «Киноға келдім» деп айтуға қымсынатын көрінеді.

«Пусан қаласында бүкіл Азия бойынша өткен кинофестиваль. Мен 87 актердің ішінен үздік бестікке іліндім. Бұл менің жас командамның, режиссер мен продюсерімнің, сценарисімнің еңбегінің еленгені. «Қазақ әйелінің образын көрсеттім» деп ойлаймын. Мен бәрін түсіндіріп кеттім. Менің ең қызыққаным, ол жақта қарапайымдылықтан асқан нәрсе жоқ.

Қарапайымдылық бірінші орында екен. Фестивальдің директоры жаныма келіп, гүлімен күтіп алып жатыр. «Сіздің сериалыңыз арқылы қазақтың салты мен дәстүрімен таныстым» деді. Маған соның өзі жеткілікті. Кейін «Мынау кім?» деп сұрастырсам, сол Канн фестивалінің директоры, ұйымдастырушысы екен»,

дейді актриса.

Айжанованың айтуынша, осы қарапайымдылық біздің мәдениетімізден алыстап барады. Бүгінде бір адамның соңында сөмкесін көтеріп, видеоға түсіріп, 40 қалмақ жүреді.

«Олар жай ғана келіп, бәрімізді қараңғылау бөлмеге жинады. Мен «Мыналардың актері қайда?» деп ойлап қоямын. Сөйтсем, мүйізі қарағайдай актерлердің ортасында отыр екенмін. Мен дораманы қарамағасын, көбісін танымағанмын. Бірінші орын алған қызбен қолтықтасып, диванда бірге отыр екенмін»,

деп ағынан жарылды Жанар Айжанова.

Сонымен қатар актриса көшеде жастардың темекіні мүлде аузына алмайтынын да үлгі етті. Актрисаның айтуынша, біздің қазақта одан да зор мәдениет үлгісі бар. Айжанова өз мәдениетімізді өзіміз аяққа таптап жатқанымызды айтты.

«Менің таңғалдырғаны, көшеде, әуежайда темекі шегуге болмайды. «Біздің жастарға да айтса, шіркін-ай біреуі темекі шекпейді екен» деп ойлағанмын. Сыртта темекі шегетін арнайы орны бар. Сол жерде темекісін өшіріп, түтінін шығармай кетеді екен. Қандай керемет мәдениет? Сол мәдениеттің барлығы біздің қазақтың салтында бар. Одан да зоры бар. Біздің қазақта әрі-беріден кейін дастарқан басында тамақ ішіп отырған адам қол алысып амандайпайды. Ол бір жағынан тазалыққа жатпайды. Екіншіден, тамақ ішіп отырған адамның мазасын алатындықтан мәдениетке де жатпайды. Кеудеге қолды қойып, иіліп қана сәлем береді. Қазір бізді тұрғызып алады. Одан қалды еркек пен еркек еріннен сүйіп жатады. Асыра сілтеумен біз құртып жатырмыз. Мәдениетімізді өзіміз аяққа таптап жатырмыз. Әр жақтың жақсысын алуымыз керек. Барлық актер мен актриса кәрісше сөйледі. Өздерін қатты сыйлайды», — деді Жанар Айжанова.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 часа ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago