«Қасақана өлтірді»: Ақтөбе облысында қаза тапқан 14 жасар баланың ата-анасы әділдік талап етті

«Ұлымды ересектер өлтірді», — дейді баланың ата-анасы.

Ақтөбе облысында 14 жасар баланың өліміне қатысты ата-анасы жіті тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қайғылы оқиға Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында болған. Марқұмның әкесі, баласын 11-класс оқушылары тепкіледі деп отыр. Салдарынан бала қайтыс болған.

Алайда полицейлер марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері болмағанын мәлімдеген. Ата-ана бұған сенбейді.

Менің баламды бар пәрменімен тепкен. Сол тепкен бойда тізерлеп отырып қалған, құлаған. Сол арада тіл тартпай кеткен, балам. Қасындағы балалары бетіне қар шашқан. Болмаған соң, сол көшедегі медбикенің үйіне көтеріп апарған. Осыған байланысты қасақана өлтірген балама қатысты іс-шара қолдануды сұраймын. Ешқандай, еш жерде есепте жоқ.

дейді әкесі Руслан Жалмұратов

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

Ақпарат министрлігі Кеңес дәуірінде шыққан мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға дайын екен. Жеке көзқарасым бойынша, олар…

1 неделя ago

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап…

1 неделя ago

Құлсарыда азық-түлікке таласқан әйелдердің ісі сотта қаралды

Атырау облысының Құлсары қаласында азық-түлікке таласқан әйелдердің ісі сотта қаралды. Жылыой аудандық сотының мәліметінше, жанжал…

1 неделя ago

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

Украинадағы соғысты тоқтату мәселесіне арналған жиынға қатысты Астана халықаралық іс-шаралар кестесі мен Қазақстанның ресми ұстанымын…

1 неделя ago

СҚО прокурорлары мемлекеттік сатып алуларды бұзды

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды.…

2 недели ago

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

Ал жаңа машина азайып барады. 2024 жылғы 1 сәуірде елде 5.4 млн автомобиль бар екені белгілі болды, бұл бір…

2 недели ago