Маңызды

Қашаған мен Теңізден шығатын мұнайдың құны құпия — министрлік

Қашаған мен Теңіз кен орнынан өндірілетін мұнай құны құпия мәлімет саналады.

Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

«1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім ережелеріне сәйкес, Қашаған кен орындарында өндірілетін мұнайдың 1 баррелінің құнына қатысты ақпарат құпия мәліметке жатады. Бұл ақпаратты ашу барлық тараптың жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады. «Теңізшевройл» ЖШС-нің ішкі саясатына сәйкес те ақпарат құпия саналады»,

деп атап өтті министрлік агенттіктің ресми сауалына орай.

Айта кетейік, өткен жылы ел бюджетіне Теңіз кен орнынан 2 трлн 841 млрд 762 млн, Қашағаннан 196 млрд 056 млн теңге салық түсті. Жалпы, соңғы 10 жылдың ішінде Tengizchevroil бюджетке 19 трлн 958 млрд 719 млн, NCOC 982 млрд 101 млн теңге салық аударды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

19 минут ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

43 минуты ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

52 минуты ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

60 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

24 часа ago