Фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаны көріп, басында Нұр-Мүбәрак университетінің қасында жасөспірімдерге арналған медресе ашылған ба деп ойлап қаласың. Не Иран немесе Ауғанстандағы қазақ диаспорасы ма деген де ой келеді. Сөйтсек өзіміздің Алматы екен.
Бейнежазбадан мұғалім оқушылардан дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз? деген сияқты сұрақтар қойғанын көруге болады.
Қашаннан бері мектептегі оқушыларға дін насихаттайтын болған? Ислам дініне қарсы емеспін. Оны насихаттаушылардың кейбір әрекетіне, осындай қылықтарына қарсымын. Мұны көрген соң, ертең православтар аралас мектептерімізді шоқындыруға кіріспей ме? «Қазақтар Мұхаммедті ұлықтап жатқанда, Иисусымыздың қай жері кем!» деп бастамай ма?! Синагога да қарап қалмас,
деп назын білдірді журналист Айдос Жұқанұлы.
Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді.
Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады,
деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Дін – өте нәзік мәселе. Украинадағы бір шіркеуде «Звон плывёт, плывёт над россиею…» деген әнді қойғаны үшін ресейшіл барлық шіркеулер тексеріліп, талай былық ашылып жатыр. Сондықтан мұндай әрекеттерді дер кезінде тыйып отырған жөн. Өйткені ертең тағы бір мұғалім шығып, атеизмді дәріптесе, енді бірі кері ағымдардың бірін насихаттаса, не болмақ?!
Сондықтан әр ұстаз өз пәніне ғана жауап берсін. Ал сенімін ішінде ұстағаны жөн.
Қазақстан – зайырлы мемлекет. Ендеше мектеп те зайырлы оқу орны емес пе? Демек абай болған жөн. Ұстазды да қудалай кетпеу керек. Шаш ал десе, бас алып. Жай ғана түсіндірген жөн. Ескерту жасалсын. Білместік болған шығар,
деп түйіндеді журналист.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…