Categories: Жемқорлық

Ашкөз басшы ауыз суды халыққа екі еседей қымбатқа сатып келген

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті су, электр қуаты және газ тарату қызметін көрсететін мекемелер мен жекеменшік субъектілерін жоспардан тыс тексеріп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Департамент дерегінше, тұрғындар мен заңды тұлғалардың шағымы бойынша жыл басынан бері «Сигма-ГАЗ» ЖШС, «ЖК Сервис» ЖК, «Есік су» МКК, «Таусамалы қызмет» МКК, «Іле су» МКК, «Балхашэнерго-1» ЖШС, «Аксу-2004» АӨК ҚР Кәсіпкерлік Кодексі және «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының орындалуын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер өткен.

Осыған байланысты, жыл басынан бастап «Сигма ГАЗ» ЖШС-не  табиғи монополиялар туралы заңды бұзды деген айыппен жоспардан тыс 3 тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижесі бойынша 21 157 945,17 теңге әкімшілік айыппұл салынып, заңсыздықты жою жөнінде нұсқау берілген.

«ЖК Сервис» жеке кәсіпкерлігі уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша қызмет көрсету міндетін орындамаған. Бұған қоса, ол суды уәкілетті орган бекіткен 1 текше метріне 80,80 теңгеден жеткізудің орнына, 150 теңгеден жеткізген. Соның нәтижесінде «ЖК Сервис» 159,9 мың теңге негізсіз табыс тапқан. Сонымен қатар «ЖК Сервис» 2021 жылы тұтынушылармен қызмет көрсету туралы жеке келісімшарт жасаспағаны, ал 2022 жылы жасасқан келісімшарттары уәкілетті орган бекіткен типтік келісімшартқа сай емес екені анықталып, 2 091 907 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

«Таусамалы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны сумен қамту және электр қуатын жеткізу қызметін уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша көрсетпеген. Компанияға 2 394 741 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ал «Ақсу-2004» АӨК Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінен шығарылды. Компания Еңбекшіқазақ ауданының шаруа қожалықтары үшін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне құжат өткізбей-ақ заңсыз су сатып келген.

Алматы облысы бойынша департамент ӘҚБтК-нің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-тармағымен  «Ақсу-2004» АӨК-не қатысты 345 000 теңгеге айыппұл салды. Ал «Есік су құбыры», «Іле су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындары және «Балхашэнерго-1» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі табиғи монополияларды бұзбаған болып шықты,

деді департаменттің баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago