Жемқорлық

«Ашынған, алданған халықтың шыдамы таусылды»: депутат жер саласындағы жемқорлық пен алаяқтық жайлы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Мәжілістің жалпы отырысында алаяқтық жолмен заңсыз жер рәсімдеп жатқандарға қатысты мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутаттық сауал бас прокурор Берік Асыловқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиға, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бағытталды.

Жер реформасын бастап жатырмыз, жер саласындағы цифрландыруға кірістік. Бұл, әрине, құптарлық іс, бірақ та еліміздің барлық төңірегінде жер саласындағы жемқорлық пен алаяқтық істер өршіп кеткен. Қай-қайсысын алсақ та, халықтың жермен байланысты зары жергілікті прокурордың, ішкі істер органдары қызметінің шикілігі, әрекетсіздігі және кей жағдайда тікелей араласуы салдарынан болып отыр.

Мәжілісмен бұған қатысты бірнеше мысалды келтірді. Мәселен, Түркістанда Мәншүк Сыздықова атты кәсіпкердің жері мен бизнесіне тиесілі мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу барысында өтемақы қаржыны алаяқтық іс жасаған азаматтар жалған сенімхаттың негізінде қолды қылып, соттың заңды күшіне енген шешіміне қарамастан, Түркістанның ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғауға асығар емес.

Сорақысы, Түркістан қаласы әкімдігінің шенеуніктері алаяқтармен өзара ауыз жаласуы болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданын алыңыздар, 2009 жылдары шығарылған шешімдер салдарынан «Балуан» СК ЖШС-де 286 жуық жер үлескер 4985 гектар жерінен заңсыз айырылған. Қазір қылмыстық іс қозғалса да, күдіктілер бостандықта емін еркін жүр,

деді депутат.

Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша жалпы жиналыстың шешімі заңсыз деп танылса да, соттар бұрынғы әкімнің шығарған заңсыз қаулысын бұзуға асықпайды. Ал сол қаулыларға қол қойған бұрынғы әкім қазіргі таңда Үкіметтің құрамында вице-министр қызметін атқарып жүр.

Жалпы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында күмәнді жолмен жерді иеленіп алған жер иелері мен жер үлескерлерінің арасындағы шиеленістің ушығып кеткені соншалық, халыққа қарсы автоматпен оқ ату, үлескерлерді үйлерінің алдында күзетіп ұрып-соғу, өлтіру туралы қорқыту әрекеттері ушығып кетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago