Categories: Оқиға

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаға қатысты перзентхана өкілдері пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұл әйелдің үшінші жүктілігі болған.

Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды (үшіншісінде — еск.). Үш баласын да жоғалту оңай емес қой. Босанудан кейінгі күйзеліске түсті ме? Қасында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-да анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген,

деді перзентхана өкілі.

Перзентхана меңгерушісі Ғани Қалдыбаев босанған әйелдің жанында медицина қызметкері болғанын, әйел қазір жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

Қасында жансақтау бөлімінің қызметкерлері болды. Медициналық қызметкерді күшпен итеріп жіберіп, өзі секіріп кеткен. Бізге іштен шетінеп (сәбиі — еск.) түсті. Қазір жағдайы бірқалыпты (әйелдің — еск.). Кеше нейрохирург, травматолог қарап, көмегін көрсетті. Басына зақым келмеген, қолында жарақаттар бар,  

деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Астанада әйел отбасылық жанжалдан кейін екі баласымен терезеден секіріп кетпек болғаны хабарланған еді. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago