Қоғам

Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылады

 Еңбек министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоямыз деп отыр. Астанадағы көші-қон ағынын бақылауға алу мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бас қалаға өзге өңірлерден жыл сайын тұрғылықты тұруға 60 мың адам қоныс аударады. Халық саны миллионға тек 2030 жылы жетеді деген болжамның қате болғанына он жыл бұрын-ақ көзіміз жетті. Жазда сумен, қыста жылумен қамту қала шылбырын ұстаған атқамінерлердің кәдімгідей бас аурына айналған. Қыркүйектен бастап, шаһар аумағына кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі жасалмақшы.

Қазір Астанаға кімнің кіріп, кімнің кіре алмайтындығын анықтау бойынша миграция мәселесі талқыланып жатыр. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Жұмыс тобы барлық сұрақтарды қамтитын болады. Қыркүйекте алғашқы мәліметтерді айтатын боламыз,

деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Асқарбек Ертаев.

Алайда демографтар миграцияны реттеуде халық санын шектеу адам құқықтарын таптаумен тең деп отыр.

Конституция бойынша бір әр жаққа көшіпқонуға еріктіміз. Кез келген құқықтық енгізілейін деп жатқан өзгерістер, ең бірінші кезкте, біздің конститутциялық құқықтарымызды шектемеуі керек. Айналып келген кезде өңірлерде тұрмыс деңгейі жақсы болатын болса, жалақы жақсы болатын болса, экология жақсы болатын болса, медицина блім жақсы болса, онда ешкім алысқа көшуге талпынбайды,

деді демограф Аяулым Сағынбаева.

Осы жерде туып-өскен танымал сәулетші Аманжол Чиканаев қазақ астанасы құрылысының авторы жапондық Кисе Курокава әу бастан-ақ бас жоспарды сызғанда оңбай қателескен дейді. Тар көшелер, ғимараттардың алшақтығы 500 мың адамға ғана шақталыпты. Көзге ұрып тұрған олқылықты талқылау барысында Чиканаев Курокаваның талай рет бетіне басқан. Десе де енді миграцияны шектегеннен басқа амал жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago