Categories: Оқиға

Астана ауруханасында дәрігерлер қараудан бас тартқан ер адам қайтыс болды

Астанадағы фтизиопульмонология орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген 43 жастағы Руслан Рышқов қабылдау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның әйелінің айтуынша, дәрігерлер денсаулығында кінәрат жоқ деген соң ол 6 сағат бойы қараусыз жатқан. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

фото: видеодан скриншот

Бұл оқиға 20 ақпанда болған. 8 жылдан бері демікпемен ауыратын науқастың бұл жолғы жағдайы аса ауыр болғанмен қабылдау бөліміндегі мамандар оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Сол үшін марқұмның әйелі Айзада Құлмұратова ісіне салғырт қараған дәрігерлерді сотқа бермек.

Егер саған менің телефонымды сындырып берсе, сен сенбе деді. Мен өлейін деп жатырмын, мыналар мені қарап жатқан жоқ деді. Ол жалғыз өзі таңға дейін қабылдау бөлімінде қиналып жатқан. Таңғы сағат 7:30-да медбике тағы қоңырау шалды. «Күйеуіңізді алып кетесіз бе, жоқ па?» деді,  

дейді әйел.

Оның айтуынша, бастапқыда күйеуінің денсаулығында кінәрат жоқ деген дәрігерлер 2 сағаттан соң қайта қоңырау шалып, оның қайтыс болғанын жеткізген. Өлімге тромбтың жарылуы себеп болған депті.

Ал Астана қалалық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Анна Цепке құпия жағдайда көз жұмған науқасқа қатысты толыққанды мәлімет бере алмаған. Тілшілерге «тек марқұмның әйелі құзырлы органдарға шағымданған жағдайда ресми жауап болады» деп қысқа қайырыпты жауабын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago