Әлеуметтік желіде жауыннан соң су басқан аялдамада балық аулаған астаналықтың фотосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
6 тамызда нөсерден соң Астана көшелері суға толды. Ал желі қолданушылары қалада түсірілген суреттерді жариялап, жыл өткен сайын жағдайдың одан әрі нашарлап жатқанына шағымданды. Сөздерінше, көшелер жауын суына толып, тротуармен жүру мүмкін болмай қалады екен.
Ал Астана әкімдігі жауыннан соң қала бойынша 100 арнайы техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Оның ішінде АС көліктері мен мотосорғыштар бар. «Elorda eco system» тұрақты негізде су бұру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жауын суының кәрізі мен тазарту құрылымдары салынып жатыр,
делінген ақпаратта.
Ал аялдамада балық аулап отырған жігіттің суретінің астында қала тұрғындары түрлі пікір қалдырды.
«Қазір нұротандықтар бұған дейін қайықпен жүзген жігіттерге секілді айыппұл салады», «Ыстықтан кейін Астана бір демалып қалды»,
деп жазды олар.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…