Categories: Оқиға

Астана маңындағы өрт екінші тәуліктен бері сөндіріліп жатыр

Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасында жанып жатқан қураған шөп пен қамыс өртін екінші тәуліктен бері сөндіріп жатыр. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсыған аумақтарын өшіруде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы ТЖ орнына  барып, өртті тез арада сөндіру үшін күштер мен құралдар топтамасын тиімді жұмылдырылуын, ТЖМ Казавиақұтқару авиатехникасын қосымша тартуды тапсырды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіруге «Қазавиақұтқару» су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылып, бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы Қорғаныс министрлігінің және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 59 рет 198 тонна су төкті.

Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды.

Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен «Клуб добряков» еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан ережелерді сақтауға кеңес береді.

Өрт қауіпсіздігін, балалар отпен ойнамауын қадағалаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз! Өрт қауіпті кезеңде өрттің пайда болу қаупі артады. Әсіресе отпен абайсыз болу жағдайлары артады. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago