Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқытқан және интим жазбаларын таратамыз деп одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.
Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктіні ақша беру кезінде қылмыс үстінде ұстады. Олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.
Бұл факт бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…
Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…
Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…
2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…