Categories: Қоғам

Астана Түркістанға көшіріледі ме?

WhatsApp-та елдің ендігі астанасы Түркістан болатыны туралы бейнеролик тарауда. Онда бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғаны, ал Парламент депутаттары оны бірауыздан қолдағаны айтылады. Және де бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында жарияланады екен, деп жазады stopfake.kz сайты.

Мұның бәрі фейк. ҚР Президентінің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы «тарихи шешім», «қызу талқылау» және «бірауыздан қолдау» туралы хабарламалар жоқ.

Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұрыннан таралуда. Алайда, 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын.

2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы ақпарат тараған. Ол да фейк болып шықты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago