«Астана-Жезқазған» жолаушылар пойызында сәби өмірге келді

Жас ата-ана жаңа туған нәрестеге Арай деп ат қойған.

5 желтоқсанда «Астана – Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызында қыз бала өмірге келді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті әйелдің толғағы басталған. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Пойыз бригадасы жүргізушіге хабарлап, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылған.

Стандартты емес жағдайларда қалай әрекет ету керектігін компанияда үйретеді. Біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз,

дедң пойыз бастығы Индира Кұлмаханова.

Жезқазған станциясына келген соң жолсеріктер анасын қызымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жас ата-ана жаңа туған нәрестенің есімін Арай деп қойды.

Бұндай жағдайда бізді жалғыз қалдырмай, көмек көрсеткен пойыздың барлық қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Бәріміз абдырап қалдық, ал Индира табандылық пен кәсібилік көрсетті, отбасымыз оған қызымыз үшін әрқашан риза болады,

деді бақытты әке.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago