Categories: Оқиға

Астанада 14 жерінен пышақ жарақатын алған имам ауруханадан шықты

Дәрігерлер астанада екі апта бұрын намаз кезінде бірнеше рет пышақ жарақатын алған имам Муслухаддин Надыров ауруханадан шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астананың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Науқас үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оның толық сауығып кетуіне уақыт керек», — дейді №3 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Муслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен қызметкерлеріне оның өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс айтты

«Мені ауруханаға жеткенде есімді білмегем, 14 жерден пышақ жарақатым болған. Дәрігерлер мені о дүниеден алып шықты», — деді ол.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада ер адам имамды пышақтап кетті. 

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі сол кезде осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттарды жоққа шығарды және тергеуге байланысты жария етілмейтінін айтты. 

Оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталған. Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago