Categories: Қоғам

Астанада қай жерлерде интернет нашар? Мусин айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин байланыс сапасының проблемалық мәселелері бойынша жиын өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде халық тарапынан интернет сапасына қатысты шағымдар артып келеді. Оны министрдің өзі де растап отыр.

Жұртшылық бостан бос шағымданбайды. Астанадағы Тұран даңғылына шықсақ, байланыстан ажырап қалатын кездер болады. Манхэттен, SAT City тұрғын үй кешені және КАЗГЮУ аумағында байланыс сапасы нашар. Бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек,

деді Мусин.

Министр өзара іс-қимылды күшейту қажет деп санайды. Оның айтуынша, проблемалық жер учаскелерін анықтап, әкімдікпен бірге мәселені сол жерде шешу қажет. Мусин операторларға байланыс сапасына қатысты мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.

Біз реттеуші ұйым ретінде айыппұлдарды салуды тоқтатпаймыз. Бірақ менің ойымша, бұған басқаша бағытта қарау керекпіз. Яғни, келіссөздерге келіп, әр тақырып пен бағыт бойынша мәселелерді бірлесе шешуіміз керек,

деп атап өтті министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago