Categories: Қоғам

Астанада алғаш рет онкологиялық ауруларды дестигматизациялауға қатысты арт-көрме өтеді

Астана қаласында ел тарихында алғаш рет онкологиялық ауруларды дестигматизациялауға қатысты арт-көрме өтеді.

17 ақпан мен 5 наурыз аралығында Астана қаласында онкологиялық ауруларды еңсеру тарихы туралы алғашқы Қазақстандық көркемсурет көрмесі өтеді. Жобаны «Seniminmen» қайырымдылық қоры ұйымдастырады. Көрмеге келушілер ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік алады. 

Пациенттер көбінесе диагнозы туралы білген соң, онымен күрескісі келмей, өлім туралы қайғыға салынып, қалпына келу үмітінен айырыла бастайды. Алайда, қазіргі заманауи медицинаның дамуы жағдайында онкологиялық диагноз — бұл үкім емес. Біз көркем өнер арқылы әркім өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, басқалардың жан-дүниесін түсіну мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз.

Заманауи қазақстандық суретшілердің, оның ішінде Бахыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Мөлдір Сағындыкова, Олег Зуев және Георгий Трякин-Бұхаров еңбектері көрменің кураторы Олей Веселовамен бірге өз өмірінде жаңа кезеңнен өтіп жатқан адамдардың сезімдері мен күйзелістерін біртұтас көркем өнер арқылы түсінуге, қазақстандықтардың аты құлаққа түрпідей естілетін онкологиялық диагнозына қарамастан өмірден қалай ләззат алатыны туралы эмоционалды тұрғыдағы бейнелері құрастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылады.

Онкологиялық аурулар Қазақстанда және бүкіл әлемде қоғамға зор әсерін тигізеді. Статистиканы алып қарасақ, адамдардың ауқымды топтарында не болып жатқанын көрсетіп, ауыртпалық туралы түсінік береді. Онкология және радиология ҚазҒЗИ мәліметтері бойынша сүт безі обыры, өкпе және бронх обыры, колоректальды қатерлі ісік, асқазан, жатыр мойны, өңеш, қуық асты безі, бүйрек, аналық без, ұйқы безі, эндометрия және бауыр қатерлі ісіктері өте жиі кездеседі. Қазақстанда 2018 жылы 5 жылдық өмір сүру деңгейі 51,0%-ға дейін өсті.

Мекенжайы: Республика даңғылы, 33а, TSE ART DESTINATION

Көрме уақыты: 12:00 – 20:00

Кіру тегін.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago