Астанада автобус жүргізушісінің жолда жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды El.kz.
CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиға 27 шілде күні сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын мәлімдеді.
Бағыт бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.
Өлімнің себебі — жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейінгі 2-ші күні жұмысқа шықты. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен, — деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…