Астанада басты шырша жағылды

Бүгін Астанадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің басты шыршасын жағу рәсімі өтті. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген. Мерекенің басты атрибутын безендіруде 750 метр гирлянд, 360 бірлік жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылған.

Шыршаны жағу рәсімі басталар алдында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Ғажайыптар түні» ертегі мұз шоуы көрсетілді. Еліміздің басты шыршасын бүлдіршіндер, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Аяз Ата мен Ақшақар бірігіп жағып, сахнада әртістер өнер көрсетті.

Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары, жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұз айдындары мен сырғанақтар орнатылып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады,

деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago