Оқиға

Астанада ер адам көшенің ортасында адамды өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен

Астанада 26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесінде «Артем» сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елордада екі адамның арасында дау туындап, соңы төбелеске айналған. Ер адамдардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кетті. Жәбірленуші сол жерде мерт болды.

Куәгер күдіктінің қай бағытта қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырғанын анықтап, оның бағытымен жүрді,

деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде күдікті ағаш зауытының маңында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына қылмыскерді іздеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago