Маңызды

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге асырылатын «Fenomen Jas» әлеуметтік жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» ұранымен форум өтті.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі екінші жыл қатарынан жүзеге асырып келеді.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Талантты жастардың жетістіктерін танымал ету және олардың қоғамға қосқан үлестерін ынталандыру.
  • NEET санатындағы жастарға рөлдік модельдерді таныстыру және менторлық мектеп жұмысын дамыту.
  • Белсенді жастарды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тарту.

Форумның бірінші бөлімінде жастарға өз салаларында табысқа жеткен тұлғалар тәжірибелерімен бөлісті:

Әлия Қалқаманқызы Оспанова – Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры,Президент әкімшілігі жобалық кеңсесінің қызметкері;

Насима Канатовна Корганбекова – кәсіби футболдағы GR менеджер, блогер;

Жангир Нұрбекұлы Ниязбеков – Қазақстан хоккей федерациясының маркетинг бөлімінің басшысы.

Ал екінші бөлімде өткізілген интеллектуалды ойындар мен интерактивті тапсырмалар қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды — бұл шаралар қатысушылардың дағдыларын дамытуға ықпал етіп, уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.

Форум жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төраға орынбасары Біржан Нұржанұлы Әлімжанов форум қатысушыларына ізгі тілегін білдіріп, форум жұмысының сәтті аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, жоба аясында өткен «Uly Dala Saryny» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл сыйлық қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтарды танымал ету және олардың қоғамдағы белсенді рөлін қолдау мақсатында 5 номинация бойынша жеңімпаздарға табысталды.

Форумға 100-ге жуық студенттер, белсенді жастар және волонтерлер қатысты.

Фото: Қызылорда облыстық “Жас Ұлан” ББЖҰ” ҚБ ұйымы.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago