Оқиға

Астанада оқушы қызды топтасып зорлаған күдіктілер ұсталды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада сегізінші сынып оқушысын топтасып зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді.

ІІМ басшысы мұндай факт бар екенін растады. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бірден ұсталғандардың, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кім екенін анықтадық, қазір қылмыстық іс қаралып жатыр. Төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды,

деді Сәденов Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанада 17 қаңтарда қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелгенін хабарлады.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр,

деп жазды Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago