Биыл 25 жылдық мерейтойы тойланайын деп отырған Астанада су жоқ! Сол жағалауда апта сайын суды тоқтатуға мәжбүр. Дамыған 30 мемлекеттің арасына кіріп алған елдің астанасының сиқы осы.
Билік не дейді? «Астана Су Арнасы» МКК баспасөз қызметі бұл жағдайды былай түсіндіреді:
"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды салынуына байланысты кәсіпорын ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттылықтардың шектелуіне тап болғанын хабарлайды. Нәтижесінде, 2023 жылдың 28 наурызынан бастап кәсіпорын су қысымын реттеу шараларын енгізуге және оны босату кестесін белгілеуге мәжбүр болды. Дегенмен, суару маусымы басталды және біз жеке сектор тұрғындары жасыл желектерді суару үшін ауыз суды белсенді пайдаланатынына назар аудардық. Осыған байланысты, сіздердің көпшілігіңіз өткен демалыс күндері сумен қамтамасыз етуде шектеулерді сезіндіңіздер. Қазіргі уақытта жеке сектордың барлық тұрғындарынан суды тек қатаң белгіленген уақытта 23:00-ден 06:00-ге дейін суару үшін пайдалануды сұраймыз. Егер бұл ыңғайсыз болса, техникалық суды сатып ала аласыздар. Сонымен қатар, біз белгіленген кестеге қарамастан, қаланың көптеген үйлерінде су қысымы қалыпты жағдайға сәйкес келетінін және тек кейбір ТК төмен режимде екенін байқадық. Мұндай жағдайларда біз қызмет көрсететін компанияға хабарласып, оңтайлы қысымды орнату үшін сорғыларды қайта баптауға тырысуларыңызды сұраймыз. Осы жағдайды ескере отырып, әсіресе демалыс күндері сантехникалық жүйеге жүктемені азайту үшін жұмыс күндері тұрмыстық жұмыстарды жоспарлауды ұсынамыз. Маңыздысы, бұл уақытша шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы (ССС) іске қосылғанға дейін қолданылады. Ауыз су станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды және оның қуаты тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайды. Бұл бүкіл қала үшін сумен жабдықтауды едәуір арттыруға, сол арқылы қаланы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың жазында жаңа ССС құрылысын аяқтау жоспарлануда. Біз сумен қамтамасыз етудегі шектеулерден туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жағдайды түсінуге шақырамыз".
Енді мұны адамның тіліне аударсақ, Астанада жаңа тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр, бірақ жаңа инфрақұрылым салайын деп жүрген ешкім жоқ. Құрылыс компаниялары халық шоғырланған тығыз жерлерге үй салады, әкімдік оған рұқсат береді.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы екенін 2021 жылдан бері айтып келеді. Тығыздықтан қалада кептеліс, қоқыс, су жетіспеушілігі, электр желілеріне жүк түсуде, бірақ оны ұғып жатқан қала билігі жоқ. Одан бұрын «биай» мен «базистердің» бизнесі маңыздырақ боп тұр.
Астананың орталығындағы жерлер көпқабатты құрылысқа оңды-солды, жөн-жосықсыз сатылуда, айдынрахимбаев сықылды пысықайлардың байлығын еселеу үшін заманауи қаланы көз алдымызда құртып жатыр.
Антикорға Астананың құрылысы бойынша кешенді тексеру жүргізу қажет. Бәлкім, жүздеген миллиардтарды бюджетке қайтаруға болар. Құдай біледі, қала билігі Астананың 25 жылдық мерейтойын тойлатуға тағы талай миллиард теңгені бөліп те қойған шығар. Сол ақшаны инфрақұрылымды жақсартуға неге жұмсамайды. Жаңа Қазақстанда орталық алаңда бір рет өтетін қымбат концерттің өткені емес, үйдегі краннан таза ауыз судың ағып тұрғаны маңыздырақ,
деп жазған екен телеграмдағы арналардың бірі.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…