Categories: Қоғам

Астанада су жоқ. Бірақ қала мерейтой тойлайды

Биыл 25 жылдық мерейтойы тойланайын деп отырған Астанада су жоқ! Сол жағалауда апта сайын суды тоқтатуға мәжбүр. Дамыған 30 мемлекеттің арасына кіріп алған елдің астанасының сиқы осы.

Билік не дейді? «Астана Су Арнасы» МКК баспасөз қызметі бұл жағдайды былай түсіндіреді:

"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды салынуына байланысты кәсіпорын ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттылықтардың шектелуіне тап болғанын хабарлайды. Нәтижесінде, 2023 жылдың 28 наурызынан бастап кәсіпорын су қысымын реттеу шараларын енгізуге және оны босату кестесін белгілеуге мәжбүр болды.

Дегенмен, суару маусымы басталды және біз жеке сектор тұрғындары жасыл желектерді суару үшін ауыз суды белсенді пайдаланатынына назар аудардық. Осыған байланысты, сіздердің көпшілігіңіз өткен демалыс күндері сумен қамтамасыз етуде шектеулерді сезіндіңіздер.

Қазіргі уақытта жеке сектордың барлық тұрғындарынан суды тек қатаң белгіленген уақытта 23:00-ден 06:00-ге дейін суару үшін пайдалануды сұраймыз. Егер бұл ыңғайсыз болса, техникалық суды сатып ала аласыздар.
Сонымен қатар, біз белгіленген кестеге қарамастан, қаланың көптеген үйлерінде су қысымы қалыпты жағдайға сәйкес келетінін және тек кейбір ТК төмен режимде екенін байқадық. Мұндай жағдайларда біз қызмет көрсететін компанияға хабарласып, оңтайлы қысымды орнату үшін сорғыларды қайта баптауға тырысуларыңызды сұраймыз.

Осы жағдайды ескере отырып, әсіресе демалыс күндері сантехникалық жүйеге жүктемені азайту үшін жұмыс күндері тұрмыстық жұмыстарды жоспарлауды ұсынамыз. 

Маңыздысы, бұл уақытша шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы (ССС) іске қосылғанға дейін қолданылады. Ауыз су станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды және оның қуаты тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайды. 

Бұл бүкіл қала үшін сумен жабдықтауды едәуір арттыруға, сол арқылы қаланы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың жазында жаңа ССС құрылысын аяқтау жоспарлануда. Біз сумен қамтамасыз етудегі шектеулерден туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жағдайды түсінуге шақырамыз".

Енді мұны адамның тіліне аударсақ, Астанада жаңа тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр, бірақ жаңа инфрақұрылым салайын деп жүрген ешкім жоқ. Құрылыс компаниялары халық шоғырланған тығыз жерлерге үй салады, әкімдік оған рұқсат береді.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы екенін 2021 жылдан бері айтып келеді. Тығыздықтан қалада кептеліс, қоқыс, су жетіспеушілігі, электр желілеріне жүк түсуде, бірақ оны ұғып жатқан қала билігі жоқ. Одан бұрын «биай» мен «базистердің» бизнесі маңыздырақ боп тұр.

Астананың орталығындағы жерлер көпқабатты құрылысқа оңды-солды, жөн-жосықсыз сатылуда, айдынрахимбаев сықылды пысықайлардың байлығын еселеу үшін заманауи қаланы көз алдымызда құртып жатыр.

Антикорға Астананың құрылысы бойынша кешенді тексеру жүргізу қажет. Бәлкім, жүздеген миллиардтарды бюджетке қайтаруға болар. Құдай біледі, қала билігі Астананың 25 жылдық мерейтойын тойлатуға тағы талай миллиард теңгені бөліп те қойған шығар. Сол ақшаны инфрақұрылымды жақсартуға неге жұмсамайды. Жаңа Қазақстанда орталық алаңда бір рет өтетін қымбат концерттің өткені емес, үйдегі краннан таза ауыз судың ағып тұрғаны маңыздырақ,

деп жазған екен телеграмдағы арналардың бірі.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago