Оқиға

Астанада жігітін көлігімен сүйреп өлтірген бойжеткен сотта ақталып шықты

Астанада абайсызда кісі өліміне әкеп соққан жанжалдан кейін айыпты болған бойжеткен сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қызғаныш салдарынан болған кезекті жанжалдан кейін түнгі уақытта ер адам сүйіктісін оның үйінің жанында күтіп тұрған.

Таңғы сағат 5.00 шамасында үйіне келген бойжеткеннің көлігінің алдынан жүгіріп шыққан ол дереу көліктен шығуды талап еткен. Ол қыздан неге кешігіп келкені туралы сұрап, көліктің есігін ашуды бұйырған. Артынша ашуланып, балағат сөздер айтып, ашық тұрған терезе арқылы қыздың мойнынан ұстап, қылғындыра бастайды.

Өзін қорғау мақсатында бойжеткен көліктің газын басып, жүріп кеткен, ал жанталаса терезеден ұстаған ер адам көлікті жіберместен, біршама қашыққа сүйретіліп барған. Асылып тұрған күйде біраз қашықтықты жүріп өткен ол әлсіреп, жолда құлаған. Жылдамдықпен келе жатып құлағандықтан асфальтқа соғылып, соның салдарынан ер адам ауыр дене жарақатынан көз жұмған.

Бірінші сатыдағы сотта бойжеткен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда апелляциялық инстанция қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін таппағандықтан, сот алқасы бұл жағдайда қыз ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру мақсаты болмады деп шешкен. Сондықтан сот бойжеткен өз өмірі мен денсаулығын қорғау үшін әрекет еткен деген қорытындыға келді.

Істі қайта қарау нәтижесінде бойжеткенге ақтау үкімі шығарылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago