Фото: Parlam.kz
Кеше Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтанның орнына бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Бұл жаңалық елді елең еткізді. Осы орайда, Түркияда жүрген Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Бекболат Тілеухан «Нұр-Сұлтан атауы өзгермеуі керек» деп мәлімдеді.
Оның пайымдауынша, еліміздегі бас шаһардың атауын қайта-қайта өзгерте берсек, сырт көз бізге «мазасы қашқан, берекесі кеткен ел екен» деп күлуі мүмкін.
Осыдан отыз-ақ жыл бұрын боданнан босаған елдердің арасында ай маңдайы жарқырап, оза шапқан қазақ елінің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған еді. Бүкіл жақсылықтың бастауында бейбіт күн, тыныштық тұратынын білесіздер. Осының кепілі Назарбаев еді. Қапияда жол тапқан, қараңғыда ел тапқан, айласы алды он болған Назарбаев орыс орманмен де, басқамен де, қытайдың тілін тауып шекара шегендегені есімізден шығып кеткені қалай, ағайын? Каспиде де лаштың есесін жібермей үлкен үлес алып қалған да Назарбаев еді. Қандастарды тарихи отанына қайтарған қазақтан басқа қандай ел бар еді? Жер бетінде саны миллионға жетпейтін ұлттар бар. Миллионнан астам қазақ тарихи Отанына, Қазақияға қайта оралды. Қара шаңыраққа қайтарған кім? Назарбаев! Орысы қайысқан солтүстікке қазақты әкелудің қандай бір саяси тәсілін тапты? Ол да бір бейне есімізден шығып кеткендей,
деді экс-депутат үндеуінде.
Мұнымен тоқтамамай, тарихи оқиғаларды елдің есіне салды. Кезінде Елбасының астананы Алматыдан Ақмолаға қалай көшіргенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Назарбаев президент боп тұрған кезде депутаттардың оған қалай жағымпазданғанын бетіне басты.
Алатаудың бауырында туған, Алматы облысының жігіті Алматыдан астананы Ақмолаға ауыстырды. Сол кезде бәрі қарсы болды. Бірақ ештеңеге қараған жоқ. Саяси тегеурініне салды да ауыстырып алып келді. Өйткені мұраты асыл, мақсаты айқын болатын. Қазаққа қажет болашақты болжай білгендіктен де Назарбаев солай істеді. Осы бір сарабдал саясаттың тереңіне бойлай алмай қалғанымыз ба, ағайын? Кеше ғана Хрущевтің шеңгелінен әупіріммен аман қалған Ақмола еді ғой. Сол Ақмоланы Алашқа астана қылғандағы ойдың тереңін түсінетін жөніміз бар ғой, ағайын. Осы нәрсесі үшін-ақ астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – тарихи әділеттік. Ердің ерекше еңбегіне берілген баға. Алаштың алғысы. Құсығын қайта жеген құнсыз құсамай, айтылған сөз, аталған есім атқан оқтай қайтпаса, нағыз әділдік осы болар еді. Кеше ғана Назарбаевтың көзіне қалай түсерін білмей жүрген 1-2 депутат Нұр-Сұлтанның атын жойып, Алаштың аяулы ақсақалының сағын сындырмаққа бастама көтеріпті. Бірақ бұл бүкіл қазақтың көзқарасы деп түсінбейміз, ағайын. Иә, жаза басқан жері бар шығар. 30 жыл ел басқарды. Алайда біз кешірімшіл, дархан қазақ едік қой. Таблода тағы да Қазақстанның астанасы ауысып жатса, берекесі кеткен, мазасы қашқан ел дейді ғой, ағайын-ау! Сондықтан тарихи әділдігіне жүгініп, Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерді. Сол атауында қалуы керек. Көшелердің атауы, Тұңғыш Президент күні сияқты дүниелер өзгере берсін. Мүмкін оған лайық, мүмкін лайықсыз. Бірақ тап Нұр-Сұлтан қаласының аты – Назарбаевтың еңбегіне берілген тарихи баға,
деді қоғам қайраткері.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…