Оқиға

Астананы көк мұз басты. Тобығын, белін, білегін сындырғандар көп

Көктайғақта жарақат алғандардың көпшілігі тобығы мен білегін сындырды.

Желтоқсандағы жаңбыр елордалықтардың есін шығарды. 500-ге жуық адам тайып жығылып, мертіккен, оның ішінде 126 бала. Ауа райының қолайсыздығынан мектеп оқушылары мен 1, 2-курс студенттерінің сабағы онлайн режимге ауыстырылды. Жолдар жабылып, қала маңына қатынайтын барлық автобустың жұмысы уақытша тоқтады.

Қыстың бірінші күнінде 79 көлік жол апатына ұшырады.

Травматологиялық пунктерде жұмыс қызу. 182 пациент медициналық көмекке жүгінген. Оның 15-і бала. Зардап шеккендердің арасында тобығы мен білегі сынғандар көп.

Ал қала әкімдігі өкілдері коммуналдық қызмет екі ауысымда жатпай-тұрмай тазалап жатыр дейді. Таңертең 1600 тазалықшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жолға құм мен тұз сепкен. Бірақ жаяу жүргіншілер жолы мен аулаларды уақытылы тазалап үлгермеді.

Ал ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, республика бойынша ауа райы қолайсыздығынан соңғы екі күнде 350 көлік апаты болған. Сондықтан сапарға шықпас бұрын 112-ден келетін ескертулерге аса мән беру керек, — дейді мамандар.

Алдыңғы күндері еліміздің солтүстік өңірлерінде -42 градусқа дейін аяз болады.

Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде 42 градусқа дейін, орталықта және шығыста 28-33 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 5-13 градус аяз. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago