Жемқорлық

Астық олигархы Нұрлан Тілеубаев он жылға сотталды

Астық олигархы Нұрлан Тілеубаевқа сот үкімі шықты. “Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz.

2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.

Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.

Мүліктің ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компанияның 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 миллион долларлық Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды,

деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі.

Оған тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан проблемалық несие қорына берілді.

Сот үкімімен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта оның компанияларының заңсыз қызметінен «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ зардап шекті.

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бұған дейін астық олигархы Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен заңсыз ақша жымқырды деп айыпталғаны хабарланды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago