Астыртын арақ өндірісі тыйылмай тұр

Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларында заңсыз арақ шығаратын 40 цех жабылды.

Елдегі астыртын арақ өндірісі жаға ұстатарлық. Бұған дәлел де жоқ емес. Күні кеше ғана Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мың жарым литрге жуық спирттік өнім айналымнан шығарылды. Жасырын цехтардан тәркіленген ішімдіктер арнайы полигонда жойылды. Контрафактілі қойма Петропавл қаласында да анықталды. Бұл жерден 740 литр спирт, 50 литр коньяк құйылған ыдыс табылды. Ал алкоголь қауымдастығының басшысы бұл тұста шағын дүкендер мен қаладан шеткері базарларды тексеру қажет, дейді. Айтуынша, шалғайдағы өңірлерді қойып, Астананың өзінде пластик құтыға құйылған арақ саудаланып жатыр.

Ұсақ магазиндерде көлеңкедегі арақтың пластик бөтелкеге құйылған түрі анықталды. Астанада 3 нүкте табылды. Ол туралы үкіметтің тексеру органдарына хабарланды. Арақтың құрамындағы спирт пластикаға құйылғанда реакцияға түсіп улы зат шығарыды. Адам одан уланып қалу мүмкін.

Ал арзан деп сапасына бас қатырмайтындар ауруға душар болады, дейді, иммунологтар. Астыртын ішімдік жасаушылар алкогольді алмастырғыштардың басқа түрін қолдануы мүмкін. Мысалы, метил спирті этил спиртіне ұқсағанымен өте қауіпті. Оның аз мөлшерінің өзі адамды көз жанарынан айырады. Ал мөлшері артып кетсе, өлімге душар етеді. 

Биыл 1 мың 100-ден астам алкогол өнімдеріне зерттеу жүргізілген. Осы өнімнің 3 проценті күмән туғызыпты. Себебі таңбалануында нақтылық жоқ. Демек, құрамы күмәнді.

Әрбір тұтынушы алькогольдік өнімді бірінші таңбалануына, этикеткасына қарау керек. Ол өнім қайда шықты, өндіруші атауы, мекен-жайы, сақталу мерзімі құрамы бәрі болу керек. Толық ақпарат болмаса, шет тілінде жазылған немесе мемлекеттік аудармасы болмаса бұл бұзушылық болып табылады. Болмаған жағдайда сауда орнынан өнімднің қауіпсіздігі туралы құжатын сұрау керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago