Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіммен аттас ақтаулық 13 жасар егіздерге хат жолдады. Бұл туралы Mangystaumedia.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға ел үшін қызмет етер азамат болып, биік белестерді бағындыруды тілеген.
Айналайын Қасым мен Жомарт, сендер туралы жақында хабардар болдым. Терең білім алып, үлкен дипломат болам деп алдарыңа биік мақсат қойыпсыңдар. Бұл – мемлекет мүддесі үшін аса қажет мамандық. Мемлекетіміз, халқымыз үшін бар күшін салып қызмет ететін үлкен азамат болыңдар. Еліміздің келешегі – жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек, білімді болып өсіңдер. Өйткені бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!
— делінген хатта.
Егіздердің әкесі Ерлан Мәуленовтың айтуынша, балалары хатты көргенде қатты қуанған.
Олар хатты қайта-қайта оқып, алған әсерін достарына айтып тауыса алмай жатыр. Президентіміздің берген батасы қабыл болсын
— деді егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов
№11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 8-сыныбында оқитын Қасым мен Жомартты сыныптастары үш жылдан бері «Президент» деп атайды екен. Мемлекет басшысының аттастары да мамыр айында туған. Екеуі де болашақта дипломат болуды мақсат етіп, бүгінде бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…