Қоғам

Асырап алған балалардан бас тарту көбейді

Сол себепті бала асырап алушыларға жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Амангелді Толамисов Қазақстанда баланы асырап алып, оны балалар үйіне қайтарған отбасыларға жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны азаймағанмен, асырап алынған балаларды қайтару мәселесі де өзекті болып түр.

Соңғы 5 жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару фактілері 64% артқан. Баланы асыраудан бас тартқан ата-анаға мемлекет тарапынан берілген 75 АЕК (258 750 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) көлеміндегі қаражатты мемлекетке кері қайтару, алимент төлеу және екінші рет бала асырап алу мүмкіндігінен айыру сияқты жауапкершілік шаралары заңда қарастырылған. Мұндай жағдайлар баланың психикалық денсаулығына қатты әсер етеді. Сонымен қатар, балалар еңбегін пайдалану фактілері де тіркелген.

Ол бүгінде Бала асырап алу ұлттық агенттігінің бар екенін атап өтті. Мекеме бала асырап алушыларды 3 жылға дейін толық бақылауда ұстап, арнайы сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Агенттік аясында ата-аналарға сүйемелдеушілік көмек, психолог, заңгер сынды мамандардың қызметі ұсынылады. Алайда мемлекеттің бұл мүмкіндігі барлық ел аумағын қамтуға әлі де жетпейді. Бұдан келіп туындайтын мәселе, бала асырап алуға ниет білдірген азаматтармен жұмыс істейтін орталықтардың ауқымын кеңейту, әлеуметтік қызметкердің санын көбейту қажет,

деді сенатор.

Депутат баланы асырап алып, қайтарған жағдайда оның салдары да болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұны қазақстандықтар білуге тиіс. Осыған байланысты ол тиісті ақпаратты eGov.kz порталына енгізуді ұсынады.

Тиісті ақпарат қатарында асырап алынған баланы қайтару фактісі болса, оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат та енгізілуі керек. Сондай-ақ бала асырап алған ата-аналарға арналған арнайы мамандандырылған мектеп немесе орталықтардың жұмысын кеңейту маңызды. Белгілі бір уақыттан кейін асырап алған баладан бас тартқан отбасыларға заң жүзінде жауапкершілікті күшейту, моральдық шығын ретінде қомақты мөлшерде айыппұл салу мәселесі қарастырылу керек,

деді Амангелді Толамисов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago