«Ата-ана баласын армияға жіберуге қорқады» — депутат әскердегі зорлық-зомбылық туралы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын талқылау барысында әскердегі зорлық-зомбылыққа мәселесіне тоқталды.

Қабылданған шараларға қарамастан, әскери ортада жиі жауынгерлік емес шығындарға әкеп соқтыратын зорлық-зомбылық, әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау деректері әлі күнге дейін жойылмай отыр. Бұл жайт қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызады және осы себепті ұлдарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіптенген көптеген ата-ана оларды армияға жіберуге қорқатынын мойындау керек,

деді депутат.

Сонымен қатар депутат осы мәселеге қатысты құқықбұзушылықтарды әскери полиция реттеу керек екенін айтты.

Әскери полиция құқық қорғау органы бола отырып, құқықбұзушылықтың алдын алуға баса назар аударуы керек деп есептеймін. Сонымен қатар, бұл қызметті үйлестіруді және осы бағыттағы олқылықтар үшін жауапкершілікті әскери полицияға тапсыруды ұсынамын,

деді Дементьева.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов әскердегі құқықбұзушылықтардың азайып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігіне қарасты әскерлерде алдын алу жұмыстарының арқасында құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың 20%-тен аса төмендеуі байқалады. Сондықтан мен гарнизондарда алдын алу мен үйлестіруді әскери полициядан басқа бас қадағалау органы, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері жүргізетінін толық қолдаймын. Бұл профилактикалық жұмыстар олармен бірлесіп жүргізіліп жатыр,

деді министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago