Categories: Қоғам

Ата-аналар жан айқайы: Қарағандыда педофилді өлтірген 6 жасөспірім сотталды

Қарағандыда алты жасөспірім жас қызды зорламақ болған ер адамды ұрып өлтірді деп айыпталып, әрқайсысы жеті жылға жуық мерзімге сотталып кетті.

«Вечерняя Караганда» басылымының жазуынша, 4 қаңтарда Қарағанды ​​соты алты айыпталушының әрқайсысын жеті жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырды. Сотталушы жеткіншектердің ата-аналары педофилді өлтірген басқа біреу екенін айтып шу көтерді. Олардың балалары тек ұрып-соққан.

Оқиға 2,5 жыл бұрын Қарағандыдағы Майқұдық шағынауданында болған. 2020 жылдың 28 мамырында жергілікті тұрғын 14 жасар қызды зорламақ болған. Кейін ол болған жайтты құрбысына айтып, достарынан педофилге сес көрсетуді өтінген. Кейіннен алты жасөспірім гараж аумағында аталған ер адамды кездестіріп, оны соққыға жыққан.

Ата-аналар Жоғарғы сот пен Президенттен көмек сұрап отыр:

Оқиға сағат 18:00 шамасында болған. Сол кезде ер адам мас болмаған, соққыдан соң ол үйіне кеткен. Араға бес сағат салып, сағат 23:00-де оның денесі Майқұдықтағы автовокзал маңынан табылды. Ер адам қанға боялып жатқан, оның алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Біздің жанайқайымызды ешкім естіп жатқан жоқ. Біздің балаларымызға кісі өлтірді деген айып тағылды. Ол кезде олар кәмелетке толмаған, 16 жаста болатын. Ер адамның денесінде қатты көгерулер, жарақаттар болған, біздің балаларымыз оны солай қатты ұрмаған.

Сонымен қатар сот сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға орнында тексеру, беттестірулер, куәлардың айғақтарымен, сарапшының, заттай дәлелдемелердің, бейнежазбаның, сот-видеофонографиялық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді деп есептейді.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, олар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді,

деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сотталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago