Әлеуметтік желіге шолу

Ата-анамыздың махаббатына шомылып өстік — марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы

Марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтым Нүкенов Instagram парақшасында қарындасының зорлық-зомбылық көріп өспегенін тілге тиек етті. Бір жыл бұрын қарындасы ұзатылғанын қайғыра еске алған ол, Салтанаттың өлімі бекер емес екеніне, осылайша ол тұрмыстық зорлықтан зардап шегіп жүрген әйелдерді қорғайтын миссиясы болғанына сенімді. Айтуынша, Салтанат екеуінде бақытты балалық шақ болған және ешкім ешкімді ұрмайтын.

«Салтанат әрдайым әділдікке жақ болатын және көмектесуге дайын тұратын, бұл бізге ата-анамыздан берілген қасиет болса керек. Ол өз ісін сүйіп істейтін және одан кеңес алуға келген әр қыз-келіншектің тағдыры үшін алаңдайтын, оларға қолынан келгенше көмектесуге дайын тұратын. Ал кешкісін бәріміздің басымыз қосылғанда ол «отбасымыз қандай керемет, бәріңізді сондай қатты жақсы көремін» деп жиі айтатын.

Кішкентай кеземізде ата-анамыз маған оны ұрғызбайтын «Ол қыз бала, тиме» дейтін және үйімізде ешқашан зорлық-зомбылық болған емес.

Есейгенше ата-анамыз әрқашан бізді қолдады. Күнделікті бізге бар жақсыны аузымызға тосты, шешімдерімізді қолдады және өмірімізге, таңдауымызға араласпады. Біздің отбасымыз миллиардер болған жоқ, барлық отбасы сияқты қиын кездерді біз де басымыздан кештік, бірақ ата-анамыз өте көп еңбектенді, кәсібін жүргізді, осылайша мен Америкаға барып келдім, Салта Англияда оқыды. Біз кәсіби жолымызды өзіміз таңдадық және өз-өзімізге жұмыс жасадық, адал болдық. Отбасылық мәселелерде ата-анамыз біздің пікірімізге құлақ асатын, өз мәселемізді өзіміз шешуге мұрша беретін. Олар біздің кеңесімізе құлақ асатын, әрдайым бізге сенетін.

Ата-анамыз бізге бақытты балалық шақ сыйлады, жасөспірім шақта аяққа тұрып кетуімізге қолғабыс болды. Павлодардағы үйіміз қиын шақта қайтып баруға болатын қара шаңырақ болатын, олар бізді әрдайым қабылдайтын және жақсы көретін.

Біз есейіп, өз күнімізді өзіміз көрдік, екеуміз де жақсы ақша таптық, бірақ ата-анамыз үшін әрдайым бала болып қалатынбыз, олар бізге қамқорлығын аямады, тіпті Астанаға келген сайын Павлодардан етін көтере келетін.

Бүгін барша жұрт маған Салтанаттың өз миссиясы болған дейді және олар маған осыны жалғастыруды сұрайды, мен мұны түсінемін. Туыстарымызбен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», — деп жазды Айтым Нүкенов.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago