Categories: Қоғам

Ата-ананың бала тәрбиелеудегі бес өрескел қателігі

Бүгінгі технологияның қарқынды дамыған заманында, әлеуметтік желілер арқылы зиянды ақпараттар легі толастамай тұрған уақытта, балаға дұрыс тәрбие беру мәселесі өткір тұр. Сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіне, бірінші кезекте, отбасындағы қарым-қатынастың әсері орасан. Көптеген ата-аналар білместіктен баламен дұрыс қарым-қатынас орната алмай, соның салдарынан опық жеп жатады. Осы мәселеге байланысты психологтар мен мамандардың кеңесі қандай?

Сынау және келемеждеу

Алматы қаласы № 2 емханасының психологы Гүлнара Досжанованың айтуынша, баласының жетістікке жететініне сенбейтін, оның қызығушылығын жөнсіз келемеждейтін сыншы ата-аналардың санаты бар.

– Олар баланы өзін үнемі жаман, лайықсыз сезінуге итермелейді. Ең сорақысы – ата-ананың баланы жазалау үшін оны мүлде елемей қоюы. Бұл психологиялық зорлық-зомбылықтың ең қатал түрлерінің бірі, – деп атап өтті Досжанова.

Қол көтеру

Психолог балаларға физикалық күш қолдануға мүлдем болмайтынын еске салды, өйткені бұл психиканың бұзылуына апарады.

– Балаларға қатыгездік таныту мидың ерте дамуын тежейді. Бала кезінде ересектерден қорлық көрген адам күйзеліске, семіздікке, темекі, есірткі мен алкогольға бейім келеді. Сондай-ақ бала ата-ананың мінез-құлқын, қарым-қатынас үлгісін көшіріп алады. Осылайша, егер үйде үнемі сын естісе, онда болашақта ол да өз балаларын немесе серігін сынаумен болады, – дейді маман.

Мұның барлығы баланың өзін үнемі кінәлі сезінуіне, өзінен кемшілік көруіне және өзін бағаламауына әкеліп соғады.

Шамадан тыс қамқорлық

Teenergizer.qz жастар орталығының психологы Эльмира Шамсутдинованың айтуынша, психологиялық проблемалардың басым көпшілігі балалық шақтан басталады. Ата-ана балаға тыйым салу, қорқыту және жазалау арқылы ғана емес, сонымен бірге, шамадан тыс қамқорлық жасау арқылы да зиян келтіруі мүмкін.

– Кейде ата-аналар баласына қамқор боламын деп, тым артық кетіп жатады. Әрине, олардың балаға қарағанда қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жақсы білетіні түсінікті. Алайда, барлық нәрсені нұсқап отырсаңыз, ол өздігінен шешім қабылдай алмаса, ересек өмірге қалай дайын болмақ? – дейді маман.

Жіті көңіл бөлмеу

Балалармен мүмкіндігінше жиі әңгімелесу қажет. Олардың толқыныстарын, мазалаған сұрақтарын, қызығушылығын білу өте маңызды.

Шамсутдинованың пікірінше, көптеген ата-аналар бар назарын жұмысқа бөліп, «бастысы балалардың дені сау, қарны тоқ, киімі бүтін болса болды, сол жеткілікті» деген оймен жүреді. Алайда, қазір жас ұрпақ рухани ізденіспен өмір сүреді, олар шығармашылыққа, өзін-өзі танытуға ұмтылады. Егер баланың сөйлескісі келсе, барлық шаруаны ысырып тастап, көңіл бөлуіңіз керек. Әйтпесе, ол өзін қажетсіз сезіне бастайды.

Тым үлкен үміт күту

Психологтың айтуынша, кейде ата-аналар баласына тым үлкен үміт артып, ауыр жауапкершілік жүктейді. Мәселен, белгілі бір мамандықтың иесі болғанын қалайды, сол саланы жетік меңгеруін талап етеді. Ал бала қанша тырысқанымен, ата-анасының үмітін ақтай алмай жатса, өзін түкке тұрғысыз деп санайды. Немесе оның қызығушылығы мүлдем басқа салада болуы мүмкін.

Не істеу керек?

– Менің ұсыныстарым – балалармен мүмкіндігінше көп сөйлесу керектігін қайталаймын. Екіншісі – оларға қалаған нәрсесімен айналысуға мүмкіндік беру. Үшіншісі – жақсы үлгі көрсету үшін ата-ана арасындағы отбасылық қарым-қатынас мәдениетін құру. Төртіншіден, отбасында баланың өз міндеттері болуы, тұрмыстық дағдылар алуы және осылайша ересек өмірге дайындалуы үшін ереже құру керек. Қатал емес, әрине – деп түйіндеді Эльмира Шамсутдинова.

Тәрбие мәселесі – діни тұрғыда

Исламда балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы – имандылық тәрбиесі. Өйткені, бұл ата-ананың баласының алдындағы ең алғашқы міндеті. Жаратқан Иесі жайлы танымды үйрету, шынайы мұсылман болып өсуіне жағдай жасау басты мақсат.

Ата-анасын сыйлау, жанашырлық, адалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділік, ізгілік пен мейірімділік секілді ізгі қасиеттерді баланың бойына жастайынан сіңіру қажет.

Сондай-ақ, балаға жасына сәйкес кішігірім міндеттер тағайындау құпталады, бұл еңбекқорлық пен жауапкершілікке үйретеді.

Православие бала тәрбиесінде жасына сәйкес үйлесімділік пен тұрақтылықты ұстануға шақырады. Бұл тақуа және ізгі адамды тәрбиелеуге көмектеседі. Сондай-ақ материалдық игіліктердің артынан жүріп, баланың рухани қалыптасуы мен өзгерістерін байқау үшін олармен әңгімелесуді ұмытпау керектігіне баса назар аударады.

Кезінде Константинополь архиепископы Иоанн Златоуст: «Ата-аналар балаларын күміс пен алтынға көмкеріп, бай ету туралы емес, олардың тақуалыққа, даналыққа және ізгілікке бай болуын ойлануы керек», деген.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago